Павлодар облысында өртенген үйден 40 жастағы ер адамның денесі табылды

0
187

Оқиға Павлодар облысына қарасты Шарбақты ауданының Шалдай ауылында болған.


Павлодар облысында өртенген үйден 40 жастағы ер адамның денесі табылды

Фото: ТЖМ

ERNUR.KZ. ТЖМ өрт сөндірушілері кезекші тәулік ішінде Алматы, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар облыстарында және Алматы қаласында тұрғын үй секторларында 9 өртті жойды, деп жазады inbusiness.kz.

Ведомствоның мәліметінше, өрт сөндірушілер 3 шаруашылық ғимаратында, 3 моншада және 3 жеке үйде өртті жойған.

Құтқарушылардың үйлесімді және жедел жұмысының арқасында барлық өрттер жойылды.

Ал Павлодар облысы Шарбақты ауданы Шалдай ауылындағы өртті сөндіру барысында 1984 жылы туған үй иесінің денесі табылды.