Павлодар облысында суға батып бара жатқан бозбаланы құтқарушылар аман алып қалды

0
161

​Жасөспірімнің шомылуға арналмаған жерде суға түскені анықталды.


Павлодар облысында суға батып бара жатқан бозбаланы құтқарушылар аман алып қалды

Фото: istockphoto.com

ERNUR.KZ. Павлодар облысында суға батып бара жатқан 16 жастағы бозбаланы құтқарушылар аман алып қалды Оны құтқарушылар дер кезінде байқап қалған. Оқиға Усольск шағынауданында болды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Жасөспірімнің шомылуға арналмаған жерде суға түскені анықталды. Салдарынан ол күшін дұрыс есептей алмай, суға бата бастаған.

«Құтқарушылар жүзу құралымен жасөспірімге жедел жақындап, 2010 жылы туған баланы судан алып шықты. Медициналық көмек қажет болған жоқ. Жасөспірім құтқару станциясына жеткізілді», – деп хабарлады Павлодар облысы ТЖД.