Аталған факт бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды.
ERNUR.KZ. Павлодар облысы Ақсу ауылдық аймағында ер адам комбайнның астына құлаған. 59 жастағы тұрғын түрлі жарақаттармен Ақсу қалалық ауруханасына жеткізілді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы жағдай 13 қыркүйек күні болған.
«Картоп жинайтын комбайнмен жұмыс істеп жүрген ер адам абайсызда техниканың астына құлап түскен. Жазатайым жағдай Еңбек ауылының маңында суармалы жерде картоп жинап жүрген кезде болған», - деді департаментте.
Аталмыш факт бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды.