Барлығы 29 рет 64 тонна көлемінде су төгілді.
фото : МЧС Казахстана
ERNUR.KZ. Павлодар облысындағы дала өрті оқшауланды, деп жазады sputnik.kz.
"Сағат 14.30-да Павлодар облысы Баянауыл ауданы аумағындағы жалпы ауданы 10000 га дала өрті оқшауланды", - деп жазылған хабарламада.
Өртті оқшаулауға 236 адам, 42 бірлік техника, 2 әуе кемесі, 3 ұшқышсыз ұшу аппараты жұмылдырылды.
Барлығы 29 рет 64 тонна көлемінде су төгілді. Су Шалқаркөл көлі және Желтау кентіндегі ұңғымадан алынды.
Қазіргі уақытта шабынды шөптің жергілікті өрт ошақтарын жою жұмыстары жүргізілуде.