Павлодарда 11 жасар бала жеке үй аумағындағы шұңқырға құлап кетті

0
568

Бала ауруханаға жатқызылды.


Павлодарда 11 жасар бала жеке үй аумағындағы шұңқырға құлап кетті

ERNUR.KZ. Жазатайым оқиға облыс орталығындағы Желтоқсан көшесі, 151 мекенжайында орналасқан жеке үйдің аумағында орын алған, деп жазады Pavlodarnews.kz.

Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 13 қазан күні түнгі сағат 22:27-де "112" пультіне оқыс оқиға туралы хабарлама келіп түскен.

"Желтоқсан көшесі, 151 мекенжайы бойынша 11 жастағы бала жеке үй аумағындағы шұңқырға құлап кеткен. Оқиға орнына құрамында 4 құтқарушысы бар 1 бірлік техника шықты. Құтқарушылар келген бойда шұңқырға түсіп, альпинистік құрал-жабдықтардың көмегімен баланы шұңқырдан шығарып алды. Бала жедел түрде "103" қызметіне тапсырылып, облыстық балалар ауруханасына жатқызылды, - делінген баспасөз хабарламасында.
Осы орайда, төтенше жағдайлар департаментінің мамандары кездейсоқ шұңқырға түсіп кеткен адамға көмектесетін бірнеше қарапайым ережелер бар екенін еске салады.


"Бұл жағдайда сіз өзіңізді тыныш ұстауыңыз керек және үрейленбеңіз. Қатты қозғалыс жасамаңыз. Егер сізде телефон болса, дереу құтқару қызметіне "112" және "101" нөмірлері бойынша қоңырау шалыңыз. Ал ұялы телефон болмаған жағдайда айқайлап, көмекке шақыруыңыз", - дейді мамандар.