Оқыс оқиға кеше болды.
Фото: pixabay.com
ERNUR.KZ. Павлодарда 20 жастағы бойжеткен өз-өзіне қол жұмсады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Kerek.pv Telegram арнасының хабарлауынша, қайғылы оқиға кеше 13 қаңтарда болған. Кейбір мәліметтер бойынша, 20 жастағы бойжеткен отбасылық жанжал салдарынан 10-қабаттан секіріп кеткен. Ол оқиға орнында көз жұмды.
«Өзін-өзі өлтіруге итермелеу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр», - деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі агенттік тілшісіне берген түсініктемесінде.