Павлодарда асырап алған қызын он жасынан бастап зорлаған орманшы өзін өзі атып өлтірді

0
116

​Қазір қыздың жасы он алтыда.


Павлодарда асырап алған қызын он жасынан бастап зорлаған орманшы өзін өзі атып өлтірді

Фото: freepik.com

ERNUR.KZ. Павлодар облысы Железин ауданында 16 жастағы қыз дәрігерлерге қаралып, кезінде оны қамқорлығына алған орманшы өзін 10 жасынан бері зорлап келе жатқанын мәлім еткен, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Kerek.pv телеграм арнасының жазуынша, полиция күдіктіні ұстау үшін үйіне барғанда ер адам аң аулайтын мылтығымен өзін атып өлтірген.

«Кәмелетке толмаған қыз баланы зорлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті анықталды. Алайда, қыз баланың осы факт бойынша полицияға жүгінгенін білген күдікті өз-өзіне қол жұмсады. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр», - деп хабарлады біздің редакция облыстық полиция департаменті.

Айта кетейік, бұл Павлодар облысындағы тағы бір сұмдық оқиғаға айналып отыр. Өйткені, бүгін жазғанымыздай, Майқайың ауданында екі ер адам бір үйдің екі баласын – әпкесі мен інісін зорлады деген күдікпен қамалған.