Павлодарда қателерді анықтаған тұрғындарға сыйлықтар табысталды деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Павлодарда қателерді анықтаған тұрғындарға сыйлықтар табысталды деп хабарлайды ERNUR.KZ 24.kz-ке сілтеме жасап.
Павлодар қаласында мониторинг нәтижесінде көбінесе қателер жеке кәсіпкерлердің нысандарындағы маңдайшаларда, жарнамаларда, баннерлерде анықталды. Акция шеңберінде барлығы 100-ден аса фотосурет жиналды. Басқарма өз тарапынан қателікке жол берген нысан иелерімен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Акцияның басты мақсаты – ҚР «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңына сәйкес келмейтін жарнама өнімдері мен көрнекі ақпарат мәтіндеріндегі қателерді анықтау болып табылады.