Павлодарда бастауыш сынып оқушылары арасындағы төбелестен бір бала зардап шекті

0
756

Мектеп жанында қар атысып ойнап жүрген 4 сынып оқушылары арасында жанжал туындаған.


Павлодарда бастауыш сынып оқушылары арасындағы төбелестен бір бала зардап шекті

ERNUR.KZ. Павлодарда 4-сынып оқушылары арасындағы жанжалдан бір бала зардап шекті, деп жазады inform.kz.

«Оқиға 13 наурыз күні болған. Мектеп жанында қар атысып ойнап жүрген 4 сынып оқушылары арасында жанжал туындаған. Зардап шекке бала ауруханада жатыр. Аталған жайт бойынша балалардың заңды өкілдерінің қатысуымен мектептегі алдын алу комиссиясында оқушылардың тәртібі қаралды. Полиция өз балаларын тәрбиелеудегі жауапкершілікті дұрыс орындамағаны және дене жарақатын үшін салғаны үшін ата-аналарды жауапқа тартты. Материалдар сотқа жіберілді» деп хабарлады өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Заңға сәйкес, ата-аналар 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл арқалауы немесе 10 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынуы мүмкін.