Павлодарда бүкіл отбасы қылмыс үстінде ұсталды

0
2 587

Қылмыстық топ құрамына оның екі ұлы, азаматтық некедегі әйелі мен ұлдарының бірінің әйелі, сондай-ақ есірткіге тәуелді қала тұрғындары кірген.


Павлодарда бүкіл отбасы қылмыс үстінде ұсталды

ERNUR.KZ. Павлодарда есірткі сатумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ басшысы 18 жылға сотталды, деп жазады aikyn.kz.


–2019 жылғы қарашада Павлодар облысы полицейлері арнайы жедел іздестіру шаралары кезінде ұйымдасқан қылмыстық топты ұстаған болатын. Оны облыс орталығының тұрғыны басқарған. ҰҚТ Павлодар қаласы аумағында ұзақ уақыт бойы есірткі сатумен айналысқан, – деді Павлодар облысы полиция департаменті басшысының орынбасары Рашад Өтеуов.

Қылмыстық топ құрамына оның екі ұлы, азаматтық некедегі әйелі мен ұлдарының бірінің әйелі, сондай-ақ есірткіге тәуелді қала тұрғындары кірген.
Есірткі Жамбыл облысының Шу ауданынан заңсыз тасымалданған.
Жедел іздестіру шаралары кезінде ҰҚТ басшысынан және оның ұлдарынан аса ірі көлемде “гашиш”, “героин”, сондай-ақ 200 кг-дан астам марихуана және атыс қаруы тәркіленді.