Дәнекерлеуші дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу кезінде екі метрлік автомұнарадан құлап кеткен.
ERNUR.KZ. Жазатайым оқиға Новоямышево ауылының шетіндегі ЖШС бірінде орын алды, деп жазады pavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 17.15-те 40 жастағы дәнекерлеуші дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу кезінде екі метрлік автомұнарадан құлап кеткен.
"Жарақат алған ер адам Павлодар қаласының ауруханасына жатқызылды", - деді баспасөз қызметінде.Облыстық денсаулық сақтау басқармасының ақпараты бойынша зардап шеккен ер адамда жабық бас сүйек жарақаты, бас миының шайқалуы, кеуде қуысының жабық жарақаты тіркелгенін, сондай-ақ оң жақтағы екінші және төртінші қабырғалары, оң жақ жауырыны сынған, көгерген, екі тізе буынының оң жақ буынында гематомалар тіркелді.
Еңбек басқармасында аталмыш жағдайға байланысты тексеру басталғанын хабарлады.