Павлодарда ерекше баланы ұрған тәрбиеші 40 тәулікке қамалуы мүмкін

0
361

Оқиға Павлодар қаласындағы балалардың коррекция орталығында болған.


Павлодарда ерекше баланы ұрған тәрбиеші 40 тәулікке қамалуы мүмкін

ERNUR.KZ. Бала коррекциялық орталықта тәрбиеленіп келген. Қол көтерген тәрбиеші 590 мың теңге көлемінде айыппұл төлеуі немесе 40 тәулікке қамалуы мүмкін, деп жазады kaz.inform.kz.


Тәрбиешінің балаға қол жұмсаған сәті түсірілген бейнежазба әлеуметтік желіні кезіп кетті.

Оқиға Павлодар қаласындағы балалардың коррекция орталығында болған.

Бала ақылы орталықта тәрибеленген.

Жеткіншектің денесінде көгерген дақтарды байқаған анасы дабыл қағып, мекеме директорымен бірге камераларды тексерген.

Нәтижесінде тәрбиешінің баланы ұрғаны дәлелденіп отыр.

Коррекциялық орталықтағылар педагогтың ертесінде-ақ жұмыстан қуылғанын мәлімдеді. Мекеме жеке меншік нысанында болған.

Павлодар облысының бала құқықтары жөніндегі уәкілі Наталья Покидова келеңсіз жайтты өз бақылауына алғанын хабарлады.

«Мекеменің тәрбиешісіне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 140-бабы (Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамау) бойынша іс қозғалды. Қорытындысы бойынша тиісті шаралар қабылданады. Құқық қорғау органдары қазір сотқа дейінгі тергеу және сот-медициналық сараптама жүргізіп жатыр» деп хабарлады маман.

Күдіктінің кінәсі толық дәлелденсе, ол 160 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлейді, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, болмаған жағдайда 160 сағатқа қоғамдық жұмысқа тартылады.

Сондай-ақ 140-бапта 40 тәулікке қамаққа алу жазасы да қарастырылған.