Оқыс оқиға 29 тамыз күні болды.
Фото: Павлодар облысы ПД
ERNUR.KZ. Павлодарда ес-түссіз жатқан ер адамға полиция қызметкерлері дереу көмекке ұмтылып, шұғыл түрде ауруханаға жеткізген, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Полиция қызметкерлерінен облыс тұрғыны көмек сұрағаны белгілі болды. Патрульдік полиция қызметкерлері Нұржан Құндақбаев пен Абай Асылханов уақыт жоғалтуға болмайтынын түсініп, отбасын жансақтау бөлімінің есігіне дейін алып барған.
«29 тамызда жолдасымды ес-түссіз күйде өз көлігімізбен ауруханаға бара жаттық. Жігіттер бізді жансақтау бөлімінің есігіне дейін алып барып, жолдасымды дәрігерлерге тапсырды. Дәрігерлер оны ауруханаға дер кезінде жеткізгенімізді, соның арқасында уақытты үнемдеп, өмірін сақтап қалғанымызды айтты», – деді павлодарлық тұрғын.
Әйел адам полиция қызметкерлеріне алғысын білдіріп, жолдасының қазір жағдайы жақсарып келе жатқанын атап өтті.
«Кез келген жағдайда тек қызметтік міндетті ғана емес, адам алдындағы парызды да есте сақтау – барлық жеке құрам үшін басты бағдар. Павлодарлық полицейлер бүгінге дейін ондаған адамды құтқарып қалған», – деп атап өтті полицияда.


