Ол жоғары қабаттан секіріп кеткен.
Павлодарда көп қабатты үйдің ауласынан 17 жастағы бозбаланың мәйіті табылды. Ол жоғары қабаттан секіріп кеткен, деп хабарлайды ERNUR.KZ Астана арнасына сілтеме жасап.
Әзірге жас жігіттің өз-өзіне қол жұмсауына не себеп болғаны белгісіз. Полиция іс қозғады.
"Аталған фактіге сәйкес ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Сараптама тағайындалды", - дейді Павлодар облыстық полиция департаментінің ресми өкілі Жанна Біләлова.
Павлодарда соңғы бір аптада өз-өзіне қол салған оқиғалар жиілеген. Бірнеше күн бұрын ғана RBK банкінің өңірлік филиал директоры көп қабатты үйдің 8-ші қабатынан секіріп, көз жұмған болатын.