13 шілдеде Нұрлан Мәсімов Шығыс Қазақстан облысының аумағында жалған құжат арқылы Ресеймен мемлекеттік шекараны кесіп өтпек болған жерінде ұсталды.
ERNUR.KZ. 6 қаңтарда Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Павлодар облысы ішкі істер департаментінің бұрынғы басшысы Нұрлан Мәсімов ісіне қатысты алдын ала сот отырысы өтті, деп жазады zakon.kz.
Сотта Нұрлан Мәсімовтың, Дамир Сиразидимов пен Евгений Евковичтің ісі қаралды.
"Н.М.Мәсімов пен Д.Ш.Сиразидимовке Қылмыстық-процестік кодекстің 11-бабының 5-бөлігіне сәйкес аса ауыр санаттағы қылмыстарды жасағады деген айып тағылды".Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысы
Нұрлан Мәсімовке ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабының 4-бөлігінде ("Пара алу"), 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағында ("Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу"), 392-бабының 1-бөлігінде ("Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын қасақана заңсыз кесіп өту") көзделген айыптар тағылды. Дамир Сиразидимов те ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабының 4-бөлігі, 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша айыпталып жатыр.
13 шілдеде Нұрлан Мәсімов Шығыс Қазақстан облысының аумағында жалған құжат арқылы Ресеймен мемлекеттік шекараны кесіп өтпек болған жерінде ұсталды.


