Қазіргі кезде қайғылы оқиғаның себептері анықталып жатыр.
ERNUR.KZ. Павлодарда тұрғын үй аулалардың бірінде өртеніп кеткен көлік жанынан 2001 жылы туған ер адамның мәйіті табылды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2 ақпанда таңғы сағат 05:31-де үйлердің бірінің маңында «ВАЗ-2190» көлігі өртеніп кеткені туралы хабарлама түскен. Өрт аумағы 4 шаршы метрге тараған.
«Өрт сөндіру қызметі көлік қаңқасының жанынан 2001 жылы туған ер адамның өртенген мәйітін тапты. Өлімнің себебі анықталып жатыр», - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Ведомство өрттің сағат 05:46-да оқшауланып, 05:48-де толығымен сөндірілгенін атап өтті.
«Оқиғаның себебі мен шығыны анықталып жатыр. Оқиға орнында бес адам мен бір техника жұмыс істеді. Аталған оқиғаға қатысты материалдар полиция тапсырылды», - делінген хабарламада.