Павлодарда шатыр опырылып, екі адам зардап шекті

0
1 650

Екі адам зардап шеккен.


Павлодарда шатыр опырылып, екі адам зардап шекті

Павлодарда қатты желдің салдарынан сауда үйінің шатыры опырылып түсті, деп жазады 24.kz.

Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ал оқыс оқиғаға куә болғандар үйінді астында адамдардың қалып қойғанын айтады. Зардап шеккендердің қатарында 1971ші және 1974 –ші жылғы екі ер азамат бар. 52 жастағы азамат басынан жарақат алса, 49 жастағысының екі аяғы сынған. Екеуі де қалалық ауруханаға жеткізілді.