Жол апаты салдарынан жаяу жүргінші алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды.
ERNUR.KZ. Павлодарда жол апатынан жаяу жүргінші қаза тапты, деп жазады sputnik.kz.
29 маусым күні сағат 22:27 шамасында қала полициясына Мәшһүр Жүсіп - М.Горький көшелерінің қиылысында трамвай вагонының жүргізушісі 58 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткені туралы хабарлама келіп түскен.
Жол апаты салдарынан жаяу жүргінші алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды.
Оқиғадан кейін жүргізуші апат орнынан кетіп қалған.
Осы факті бойынша полиция Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Трамвай анықталды, тексерілді және мөрленді.