Павлодарда жасөспірімдер жантүршігерлік жол апатына тап болды: бала қайтыс болды

0
180

Балалар омбудсменінің айтуынша, кәмелетке толмағандар көлікте заңды өкілдерінсіз болған.


Павлодарда жасөспірімдер жантүршігерлік жол апатына тап болды: бала қайтыс болды

Сурет: Zakon.kz

ERNUR.KZ. 24 қарашаға қараған түні Павлодардағы Назарбаев даңғылында болған жол апаты салдарынан 16 жастағы жолаушы қыз қаза тауып, тағы екі кәмелетке толмаған бала әртүрлі ауырлықтағы дене жарақатын алды, деп жазады zakon.kz.

Бұл туралы Павлодар облысының балалар құқықтары жөніндегі облыстық уәкілі Сәуле Шәкенева Instagram-дағы парақшасында жазды.

"16 жастағы жолаушы қыз өміріне қауіп төндіретін жарақат алды, тағы бір 15 жастағы жігітке ота жасалды, қазір ауыр халде, үшінші жолаушы 14 жастағы жасөспірім ауруханаға жатқызылды, жарақаттары өміріне қауіп төндіріп тұрған жоқ", - деп жазды ол.

Балалар омбудсменінің айтуынша, кәмелетке толмағандар көлікте заңды өкілдерінсіз болған.