ERNUR.KZ Павлодарда жаяу жүргіншіні көлік қақты. Ол ауруханаға жеткізілді, деп жазады Zakon.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 14 наурызда Назарбаев даңғылында тұрған 157 үйге қарама-қарсы "Лада приора" көліктің жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті.
Зардап шеккен адам реттелетін жаяу жүргіншілер өткелі арқылы жолдан өтпекші болған.
Жол - көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші ауруханаға жатқызылды. Көлік мамандандырылған тұраққа қойылды. Тексеру жүргізіліп жатыр.