ҚР Жеңіл атлетика федерациясы 2018 жылғы маусымның жазғы ойындарындағы көшбасшылардың тізімін жариялады.
ERNUR.KZ. ҚР Жеңіл атлетика федерациясы 2018 жылғы маусымның жазғы ойындарындағы көшбасшылардың тізімін жариялады, деп жазады pavlodarnews.kz.
- Жасөспірімдер мен ересектер арасында жазғы ойындарда ең жоғары көрсеткішке қол жеткізгендердің тізімі шықты, - деді ҚР Жеңіл атлетика федерациясының баспасөз қызметінде.
– Тізімге павлодарлық 5 спортшы енді. Олардың қатарында биылғы Азия ойындарында әйелдер арасындағы эстафеталық жүгіруден Қазақстан командасының сапында қола медаль еншілеген Ольга Сафронова мен Аргентинада өткен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында жетісайыстан қола медаль иегері атанған Диана Гейнц бар.
Ольга Сафронова Индонезия астанасы Жакарта қаласында өткен Азия ойындарында 100 метрге жүгіру эятафетасында өнер көрсеткен болатын. Қазасқтанның қыздар командасы қашықтықты 43,82 секундта жүгіріп өтіп, қолаға қол жеткізді.
Ал, 18 жастағы Диана Гейнц Аргентинаның Гифу қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында жетісайыс бойынша 4804 ұпай жинап, өзінің жеке рекордын жаңартты. Сондай-ақ қола жүлдегері атанды.
2018 жылғы маусым барысында әйелдер арасындағы жазғы ойындарда 1500 метрге жүгіруден жерлесіміз Евгения Фандюшина көш бастады. Ол Бішкек қаласында өткен жарыста қашықтықты 4:28.78 минут ішінде жүгіріп өткен.
Жасөспірімдер арасында Александра Залюбовская 200 метрге жүгіруден Алматы қаласындағы бәсекеде 25.08 секунд көрсеткішіне қол жеткізген. Оған қоса, Бангкоктегі сайыста 400 метр қашықтықты 56.21 секундта жүгіріп өтіп, қазақстандықтар арасында жоғары көрсеткішке ие болды.
Вероника Брославская Шымкент қаласында 1:03.07 секундта 400 метрді кедергілер арқылы жүгіріп үздіктер тізіміне енді.