2025 жылға қарай колледждер мен университеттердің жатақханаларында кемінде 50 мың жаңа орын пайдалануға беріледі.
иллюстрациялық фото
ERNUR.KZ. 2025 жылға қарай колледждер мен университеттердің жатақханаларында кемінде 50 мың жаңа орын пайдалануға беріледі. Бұл туралы Мәжілісте «Nur Otan» партиясының сайлау алдындағы міндеттемелерін іске асыруға арналған талқылау кезінде Премьер-Министр Асқар Мамин мәлім етті, деп жазады ҚазАқпарат.
«2022 жылы Назарбаев Университетінің тәжірибесі бойынша Петропавл және Шымкент қалаларында 2 озық өңірлік жоғары оқу орны құрылады», - деді А. Мамин.
Бұдан бөлек ол 2025 жылға қарай колледждер мен университеттердің жатақханаларында кемінде 50 мың жаңа орын пайдалануға берілетінін атап өтті. Сондай-ақ жыл сайын 10 мың орын берілетін болады.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Үкімет басшысы студенттердің стипендиясы жыл сайын 20 пайызға жоғарылап 2 есе өсетінін, ал магистранттар мен докторанттарға жыл сайын 10 пайызға артып, 1,5 есе көбейетіндігін айтты.