Петропавлда әлемдегі алғашқы үш жақты өңдеу зауыты салынады

0
531

Өнімдер бағалы биоотын ретінде Еуропаның электр станцияларына экспортталады.


Петропавлда әлемдегі алғашқы үш жақты өңдеу зауыты салынады

ERNUR.KZ. Петропавл қаласында жоңышқа мен зығыр сабан өңдейтін әлемдегі бірегей үш мақсатты зауыт салынады, деп жазады sputnik.kz.

Зауыт құрылысына инвестицияны Amandus Kahl неміс компаниясы салады.
"Қазір біз Петропавлда бірегей, әлемде бірінші зауыт салу сатысында тұрмыз. Өндіріс үш мақсатты болады, оның екеуі өңдеу – жоңышқа түйіршіктеу және зығыр сабан түйіршіктеу. Енді бұл сабан бағалы биоотын болғандықтан, түйіршіктендіріліп, үгінділермен араластырылып, Еуропаға электр станцияларына жөнелтіледі. Бұл жоба "жасыл экономика" жобасы ретінде де қатысады", - деді Амандус Кал өкілі Нұрлан Дәулетбаев.
Зауыттың өндірістік қуаты, егер зығыр десек, жылына 60 мың тонна зығыр қалдығын құрайды. Жоңышқа туралы айтатын болсақ, мұндағы қуат 25%-30% артық, өйткені бұл дақыл жұмсақ.
Дәулетбаевтың айтуынша, Қазақстанда жоңышқаны өңдеу және түйіршіктеу трендке айналуда. Бірқатар компаниялар түйіршіктеумен қазірдің өзінде айналысып жатыр.
"Бұл бағыттың экспорттық әлеуеті өте жоғары. Бұл қазіргі уақытта бидаймен салыстырғанда өте аз өнім. Осы бағытта Ақтөбе облысындағы кәсіпорындардың бірі табысты жұмыс атқаруда. Жоба 8 айда өзін-өзі ақтады. Олар 2 мың гектар алқапта суармалы жерге жоңышқа өсіреді. Олар бұл көлемнің басым бөлігін экспортқа шығарады. Сондай-ақ Алматы облысында клиенттердің өте үлкен пулы бар. Кәсіпорындардың бірі соя өңдеумен айналысады. Өндіріс өте тиімді", - деді Дәулетбаев.