Төтенше оқиға Петропавл вокзалында болған.
фото: Пресс-служба АО "Пассажирские перевозки"
ERNUR.KZ. Петропавлда ер адам пойыз дөңгелегі астында қаза тапты. Полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп жазады sputnik.kz.
Петропавл вокзалында болған оқиғадан егде жастағы ер адам зардап шеккен. Ол жедел жәрдем келгенше қайтыс болды.
"Жоғарыда аталған фактіге байланысты Петропавл станциясының желілік полиция бөлімшесінде "абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған жол қозғалысы немесе теміржол көлігін пайдалану қауіпсіздігі ережелерін бұзу" фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - деп хабарлады Петропавл станциясы желілік полиция бөлімі бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Серікбай Омаров.
Қазіргі уақытта іс бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Басқа ақпарат жариялауға жатпайды.