Петропавлда қалалық мәдениет үйінің төбесі опырылып түсті

0
627

Петропавл қалалық мәдениет үйінде 27 шығармашылық ұжым - 548 адам еңбек етеді.


Петропавлда қалалық мәдениет үйінің төбесі опырылып түсті

ERNUR.KZ. Петропавл қалалық мәдениет үйінің шатыры құлады, зардап шеккендер жоқ, деп жазады ҚазАқпарат.

Оқыс оқиға кеше 24 ақпан күні сағат 20.10 минут кеткенде болған. Петропавлдағы Сәтпаев көшесі, 37 мекен-жайында орналасқан қалалық мәдениет үйінің шатыры опырылып құлады.

СҚО әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасының мәліметінше, ғимарат ескі, құрылымдардың тозуы салдарынан төбесі опырылып, көрермен залының үстіндегі шатырдың тірек арқалықтары сынған. Бүлінген аудан шамамен 500 м2 алып жатыр. Зардап шеккендер жоқ.

«2021 жылғы маусымда нысан шатырының жай-күйін техникалық тексеру барысында концерт залының үстіндегі шатырдың апаттық жағдайда тұрғаны туралы техникалық қорытынды берілді. Тиісті сараптамадан өткізілгеннен кейін, шатырды күрделі жөндеуге былтыр 30 қараша жобалық-сметалық құжаттама әзірленді. Қазіргі уақытта Петропавл қаласының әкімдігі, СҚО әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасы мәслихаттың кезекті сессиясына күрделі жөндеу жүргізу үшін қаражат бөлу туралы өтініш берді», - делінген басқарма таратқан хабарламада.




Петропавл қалалық мәдениет үйінде 27 шығармашылық ұжым - 548 адам еңбек етеді. Өткен жылдың маусым айынан бастап осы уақытқа дейін шығармашылық ұжымдар жалға берілетін ғимараттарда жұмыс істеп жатыр.

«Нысан өткен жылдың қараша айынан бері апаттық жағдайға байланысты жабық тұрған. Бұл нысан кімнің балансында тұр, сол, яғни әкімдік жауап береді. Бұл жерде зардап шеккендер, қаза тапқандар болмағандықтан, біздің құзіретімізге кірмейді», - дейді СҚО ТЖД мамандары.

Мәдениет үйі ғимараты 1930 жылдары салынған. Нысан 10 жыл бұрын күрделі жөндеуден өткен. Енді көне ғимарат біртіндеп бұзылып жатыр. Былтыр қазан айының соңында нысанның төбесінің бір бөлігі құлаған еді.