Марлқұмның артында екі кішкентай баласы қалды.
Солтүстік Қазақстан облысында 2022 жылы 25 мамырда қаланың ықшам аудандарының біріндегі өз үйінде кеудеге келтірілген пышақ жарақаты белгілерімен полиция инспекторының денесі табылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өңір прокуратурасының дерегінде сәйкес, 1990 жылы дүниеге келген учаскелік полиция инспекторы Петропавл қаласының полиция басқармасында жұмыс істеген.
Аталған фактіні Петропавл қаласының ПБ Тергеу басқармасы сол күні тіркеп, ҚР ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігі, яғни "Кісі өлтіру" фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Облыс прокурорының орынбасары Мұрат Қожамқұлов осы іс бойынша жәбірленуші полиция қызметкері болғанын, бірақ аталған қылмыстың оның кәсіби қызметімен байланысты емес екендігін түсіндірді. Тергеушілердің негізгі нұсқасы бойынша бұл кісі өлтіру ұрыс және жағымсыз қарым-қатынас негізінде орын алған.
"Аталған нұсқа бойынша осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен жәбірленушінің әйелі тергеуге алынып жатыр. Қазіргі уақытта іс бойынша барлық жағдайды анықтауға бағытталған барлық қажетті және жедел тергеу әрекеттері жүргізілуде. Тергеу қорытындылары туралы тұжырым жасауға әлі ерте. Сот сараптамалары тағайындалады. Болжамды қылмыс қаруы алынды. Тергеу барысы СҚО прокуратурасының бақылауына алынды" - деп жазады Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы.
Жәбірленушінің артында екі кішкентай баласы қалды.