Петропавлда жеке үй өртеніп, 3 адам тірідей жанып кетті

0
130

Қаза болғандардың ішінде 3 жасар бала бар.


Петропавлда жеке үй өртеніп, 3 адам тірідей жанып кетті

Фото: istockphoto.com

ERNUR.KZ. Петропавлда жеке тұрғын үйден өрт шығып, үш адам тірідей жанып кеті. Қаза болғандардың арасында үш жасар бала болған, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Қайғылы оқиға Петропавлдағы Жұмысшы кентінде қазанның 5-нен 6-на қараған түні сағат 03:16-да болған. Өрт ескі «жазғы үйде» басталған. Кейін тілсіз жау жақын орналасқан тағы бір баспана мен көрші үйдің қорасына ауысқан», - деп хабарлайды облыстық ТЖД.

Қызыл жалын 84 шаршы метр аумақты шарпып өткен. Өрттің себебі мен келтірілген залал көлемі анықталып жатыр.

«Тілсіз жаумен 20 адам күрескен. Тағы алты техника жұмылдырылды. Өрт 04:12-де оқшауланып, 05:29-да толығымен сөндірілді. Отты сөндіру барысында 2021 жылы туған қыз баланың, 1979 жылы туған ер адамның және 1985 жылы туған әйел адамның мәйіттері табылды», – деп хабарлады Төтенше жағдайлар департаменті.