ERNUR.KZ. Петропавлда КамАЗ көлігі жолдың жүру бөлігінен тротуарға шығып кетіп, үйдің қабырғасына барып соғылды, деп жазады Stan.kz.
Әлеуметтік желілерде Подгора ықшамауданындағы төтенше жағдай орнынан фотосуреттер мен видеолар пайда болды. Полицияда жол-көлік оқиғасы 10 наурызда сағат 20:00 шамасында болғанын растады.
"КамАЗ автокөлігінің жүргізушісі рульді басқара алмай, Потанин көшесі бойындағы фонарлық бағанаға және тұрғын емес үйге соғылды. Алған дене жарақаттарының салдарынан 1951 жылы туған әйел адам ауруханаға жеткізілді", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Полицияда жүргізуші тергеуге жіберілгенін, оның нәтижесі бойынша ЖКО фактісі бойынша шаралар қабылданатынын атап өтті.
ТЖ орнына жақын жерде тұратын қала тұрғындары үйдің тұрғын үй екеніне айтқан, бірақ жөндеу жұмыстары жүріп жатқандықтан уақытша адам тұрмайды.