Pfizer вакцинасы 20 қазаннан кейін Алматыдағы егу пункттеріне жеткізіледі

0
479

Бұл вакцина бірінші кезекте балаларға, медицина қызметкерлеріне, қарттарға, жүкті әйелдер мен жабық мекемелерде тұратын балаларға салынады.


Pfizer вакцинасы 20 қазаннан кейін Алматыдағы егу пункттеріне жеткізіледі

ERNUR.KZ. Қалаға шамамен 130-160 мың доза препарат әкелінеді деп күтілуде. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаев мәлім етті, деп жазады inbusiness.kz.

«Pfizer вакцинасын төртінші тоқсанда жеткізу жоспарланған болатын, ол 20 қазаннан кейін Алматыға әкелінеді. Алматы үшін әзірге 130-дан 160 мыңға дейін доза жоспарланған. Бірақ Алматыға квота бөлу нақтылануда», – деді Нариман Табынбаев.

Оның айтуынша, бұл вакцина бірінші кезекте балаларға, медицина қызметкерлеріне, қарттарға, жүкті әйелдер мен жабық мекемелерде тұратын балаларға салынады.

«Қазір бізде барлық санаттар бойынша белгілі бір деректер бар. Бірақ бәрі үміткерлер санына байланысты болады», – деді спикер. Қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин Елімізде 306 мың балаға осы вакцинаны егуге болатынын айтты.

«Бұл өз кезегінде қалада коронавирустың таралуын төмендетуге мүмкіндік береді», – деді Жандарбек Бекшин.