Директорлар кеңесі Питер Фостерге компанияны 20 жыл бойы басқарудағы ерен еңбегі үшін алғыс білдірді.
ERNUR.KZ. Питер Фостер 2026 жылғы наурыздың аяғында Air Astana бас атқарушы директоры қызметінен және директорлар кеңесі құрамынан кетеді. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады tengrinews.kz.
Фостер компаниялар тобымен байланысын сақтап, директорлар кеңесіне аға кеңесшісі ретінде өз қызметін жалғастыратыны айтылды.
Қазіргі уақытта қаржы жөніндегі атқарушы директор Ибрахим Жанлыел осы кезеңде бас атқарушы директор қызметіне тағайындалған.
Директорлар кеңесі Питер Фостерге компанияны 20 жыл бойы басқарудағы ерен еңбегі үшін алғыс білдірді.
Еске сала кетсек, Air Astana тобы – табыс көлемі мен әуе флотының ауқымы бойынша Орталық Азия мен Кавказдағы ең ірі әуекомпаниялардың бірі. Оның құрамына Air Astana (2002 жылы құрылған) және бюджеттік әуе тасымалдаушы FlyArystan (2019 жылы құрылған) кіреді. Компанияның иелігінде барлығы 61 ұшақ бар.