Фото: Tengrinews.kz / Турар Казангапов
ERNUR.KZ. Алматы облысында полиция ҰҚК бастамасымен Шоқан Уәлихановқа іздеу жариялады. Бұл ақпарат Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталында пайда болды, деп жазады tengrinews.kz.
ІІМ баспасөз қызметі оның неліктен іздестіріліп жатқанын айтты.
"Бұл адамға қылмыстық қудалау органының тапсырмасымен аумақтық ішкі істер органы Қылмыстық кодекстің 405-бабы 1-бөлігі (Қоғамдық немесе дiни бiрлестiктiң не өзге де ұйымның экстремизмдi немесе терроризмді жүзеге асыруына байланысты олардың қызметiне соттың тыйым салу немесе тарату туралы шешiмiнен кейiн олардың қызметiн ұйымдастыру және оған қатысу) бойынша мемлекетаралық іздеу жариялады", - деп жауап берді ІІМ өкілдері.