Олар қызметтік борышын атқару кезіндегі ерлігі үшін мемлекеттік наградамен марапатталды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Охотзоопром» мекемесінің инспекторлары марқұм Қаныш Нұртазинов пен Самат Оспановты «Айбын» орденімен наградтау туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қызметтік борышын атқару үстінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін наградталсын:
І дәрежелі «Айбын» орденімен
Нұртазинов Қаныш Серікұлы (марқұм) - Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК Орталық өңірлік филиалының инспекторы;
ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен
Оспанов Самат Қошбергенұлы - Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК Орталық өңірлік филиалының инспекторы.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.