Президент кеңесшісі бүгінгі митингілердің неліктен заңсыз екенін түсіндірді

0
798

"Бейбіт жиындарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі" туралы жаңа заңға мамырдың 25 күні қол қойылып, өз күшіне дәл бүгін – маусымның 6-сында еніп жатыр.


Президент кеңесшісі бүгінгі митингілердің неліктен заңсыз екенін түсіндірді

фото: uralskweek.kz

Әлеуметтік желілерде «бейбіт жиындар туралы жаңа заң қабылданды емес пе, неліктен митинг өткізуге рұқсат берілмеді» деген секілді пікір білдіруде. ҚР Президентінің кеңесшісі Ерлан Қарин осыған орай Facebook-тегі парақшасында түсініктеме берді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

«Бейбіт жиындарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі» туралы жаңа заңға мамырдың 25 күні қол қойылып, өз күшіне дәл бүгін – маусымның 6-сында еніп жатыр. Оның үстіне, бүгінгі митингіге алғаш рет үндеп шақырғанда, бұл заң сол кезде парламентте әлі талқыланып жатқан болатын. Яғни, бүгінгі акцияларды ұйымдастырушылар осы митингіні жаңа заңға сәйкес: бес күн бұрын жергілікті билік органдарына алдын ала хабарлама жіберіп, өткізуге барлық мүмкіндіктері болды. Алайда, өкінішке қарай ұйымдастырушылар қасақана, жаңа заңның бүгін ғана өз күшіне енетінін біле тұра, митингіге шақырып, үндеп жатты», деп жазды Ерлан Қарин.

Екіншіден, ҚР Президентінің кеңесшісі, құқықтық нормалардан басқа, төтенше жағдай аяқталғанымен, карантиннің біршама шектеулері әлі де сақталуда екенін атап өтті.

«Санитарлық қызмет өкілдері көпшілік жиналатын шаралардан басқа, тіпті отбасылық шаралардан бас тарта тұруға қайта-қайта үндеуде. Осындай жағдайда басқа азаматтардың денсаулығы мен қауіпсіздігімен санаспай, осындай шараны өткізу қай жағынан қарасаңыз да дұрыс болмады» деп түсіндірді ол.