Президент ҚР сыртқы саясатының 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекітті

0
858

Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


Президент ҚР сыртқы саясатының 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекітті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының 2020-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекітті, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының 2020 – 2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының 2020 – 2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы (бұдан әрі – Тұжырымдама) бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі үш ай мерзімде Тұжырымдаманы іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.

3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

4. «Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының 2014 – 2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 21 қаңтардағы № 741 Жарлығының күші жойылды деп танылсын.

5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.