Президент Нұрлан Нығматулинді қабылдады

0
704

Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі жүргізіліп жатқан реформаларды сапалы заңдық тұрғыдан сүйемелдеу және заң жобаларын уақтылы қабылдау қажеттігін айтты.


Президент Нұрлан Нығматулинді қабылдады

ERNUR.KZ. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулинді қабылдады, - деп жазады tengrinews.kz.

Кездесу барысында Мемлекет басшысына Мәжілістің қазіргі жұмыстары, нәтижелері мен заң шығару жұмыстары, сондай-ақ, биыл 23-24 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Еуразия елдері парламенттері спикерлерінің IV кеңесін өткізудің дайындық барысы жөнінде баяндалды.

Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі жүргізіліп жатқан реформаларды сапалы заңдық тұрғыдан сүйемелдеу және заң жобаларын уақтылы қабылдау қажеттігін айтты. Кездесу соңында Қазақстан Президенті бірқатар нақты тапсырма берді.