Президент сайлауына 20,5 млрд теңге бөлінеді: қаржы министрлігі өтінімді мақұлдады

0
501

2019 жылы бір бюллетеньді әзірлеуге 11 теңге жұмсалса, қазіргі есептеулер бойынша оның құны 22 теңгеге дейін артқан.


Президент сайлауына 20,5 млрд теңге бөлінеді: қаржы министрлігі өтінімді мақұлдады

ERNUR.KZ. 20 қарашаға белгіленген кезектен тыс президент сайлауын өткізуге 20,5 миллиард теңге жұмсалады. Қаржы министрлігі Орталық сайлау комиссиясының өтінімін мақұлдады, деп жазады sputnik.kz.

Бұған дейін Орталық сайлау комиссиясы кезектен тыс президент сайлауын өткізуге үкіметтен 20,5 млрд теңге сұрағанын мәлімдеген еді.
Бүгін журналистер үкімет кулуарында қаржы министрінен ОСК-ның өтінімі мақұлданды ма деп сұрады.
"Иә, мақұлданды", деп қысқа қайырды Ерұлан Жамаубаев.
ОСК қаражаттың басым бөлігі сайлау комиссиялары мүшелерінің жалақысын төлеуге жұмсалатынын атап өтті. Сондай-ақ жарамсыз урналарды ауыстыруға, бюлеттень әзірлеуге де ақша қарастырылған.
Мәселен, 2019 жылы бір бюллетеньді әзірлеуге 11 теңге жұмсалса, қазіргі есептеулер бойынша оның құны 22 теңгеге дейін артқан.
Бұдан бөлек биыл ОСК тиісті санаттағы азаматтар үшін Брайль шрифті бар трафареттер әзірлеуді жоспарлап отыр. Ол әрбір сайлау учаскесінде болады.
Биыл кезектен тыс президент сайлауы 20 қарашада өтеді. Президентікке кандидаттар ұсыну 23 қыркүйекте басталды.