Президент үкімет құрылымын өзгертуге кірісті

0
986

Серікқали Брекешев басқаратын министрлік экология жəне табиғи ресурстар министрлігі болып қайта жасақталады.


Президент үкімет құрылымын өзгертуге кірісті

ERNUR.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру шаралары туралы екі жарлыққа қол қойды. Соның аясында үкіметтің құрылымы өзгереді, деп жазады sputnik.kz.

Құжатқа сәйкес, "Қазақстан Республикасы премьер-министрінің кеңсесі" мемлекеттік мекемесі "Қазақстан Республикасы үкіметінің аппараты" ММ-сы болып қайта құрылады. Оның негізгі міндеттері:
орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіру;
Қазақстан Республикасының премьер-министрі мен үкіметінің қызметін ұйымдастырушылық-құқықтық, сараптамалық-талдамалық, кадрлық, ақпараттық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету.
Ал екінші жарлық бойынша экология, геология жəне табиғи ресурстар министрлігінің жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерделеу функциясы индустрия жəне инфрақұрылымдық даму министрлігіне беріледі. Осылайша, Серікқали Брекешев басқаратын министрлік экология жəне табиғи ресурстар министрлігі болып қайта жасақталады.