Президент үкіметке жергілікті және шетелдік жұмысшылардың жалақысын әділ беруді тапсырды

0
716

«Қазақстандық мамандардың, жұмысшылардың тиісті біліктілік алуына да ерекше көңіл бөлу керек», - деді Мемлекет басшысы.


Президент үкіметке жергілікті және шетелдік жұмысшылардың жалақысын әділ беруді тапсырды

ERNUR.KZ. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтардың еңбек құқықтарын қорғауға көңіл бөлуді тапсырды, деп жазады ҚазАқпарат.

«Биыл 4 маусымда Атырау қаласында бірдей еңбек ететін жергілікті және шетелдік жұмысшылардың жалақысын әділ беруді тапсырған болатынмын. Үкіметке бұл мәселені соңына дейін анықтауды тапсырамын. Асқар Ұзақбайұлы (Мамин – ред.), еңбек жағдайы, жұмысшылардың жалақысы бойынша егжей-тегжейлі сараптама жасауыңызды сұраймын. Егер инвесторлармен келісімшартқа өзгеріс енгізу қажет болса, мұны күн тәртібінен түсірмеген жөн. Әрине, бұл оңай жұмыс емес, түсінемін, бірақ бұл мәселені шешу қажет», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Президент ұлттық мүддені қорғаудың барлық мемлекеттік орган үшін маңызды екенін атап өтті.

«Қазақстандық мамандардың, жұмысшылардың тиісті біліктілік алуына да ерекше көңіл бөлу керек», - деді Мемлекет басшысы.