Айгүл Құспан Қазақстанның Бельгия мен Люксембургтегі елшісі қызметін атқаратын.
фото интернеттен
Айгүл Құспан Қазақстанның Бельгия мен Люксембургтегі елшісі қызметінен, сондай-ақ, Еуропалық Одақ жанындағы және Солтүстік Атлант Шарты ұйымындағы (НАТО) Қазақстан өкілдігінің басшысы қызметінен босатылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Айгүл Сайфоллақызы Құспан Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Люксембург Ұлы Герцогтігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Еуропа Одағының жанындағы және Солтүстік Атлант Шарты ұйымындағы (НАТО) Қазақстан Республикасы Өкілдігінің басшысы қызметін қоса атқарудан босатылды", - делінген хабарламада.