Маңғыстау облысының жұртшылығымен кездесу жоспарланып отыр.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Ақтау қаласына барды, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Құрманғалидың фейсбуктегі парақшасына сілтеме жасап.
«Сапар барысында бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап көру, теңіз сауда портының жұмысымен танысу, сондай-ақ, Маңғыстау облысының жұртшылығымен кездесу жоспарланып отыр»,- делінген жазбада.