Аталған компанияның бұрынғы қызметкері Т.Ж. Наурызбаевты елген қайтару Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мен АҚШ Әділет департаментінің Тергеу федералды бюросы арасындағы ынтымақтастығының нәтижесінде мүмкін болды. Т.Ж.Наурызбаев 4 млн. астам долларды қолды қылған.
Бас прокуратура миллиардтаған қаржы ұрлады деген күдікпен «Samsung Electronics» компаниясының бұрынғы қызметкерін АҚШ-тан Қазақстанға қайтару бойынша шаралар қабылдады,-деп хабарлайды ERNUR.KZ ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аталған компанияның бұрынғы қызметкері Т.Ж. Наурызбаевты елген қайтару Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мен АҚШ Әділет департаментінің Тергеу федералды бюросы арасындағы ынтымақтастығының нәтижесінде мүмкін болды. Т.Ж.Наурызбаев 4 млн. астам долларды қолды қылған.
Тараптардың үйлесімді жұмысының арқасында жәбірленуші компанияға қаражатының көп бөлігі (2,7 млн АҚШ доллар) өндірілді.
Өткен жылдың соңында Наурызбаев Қазақстанға АҚШ-тан депортацияланды.
Ол биылғы жылдың ақпан айында Медеу аудандық соттың үкімімен Қылмыстық кодекстің 190-бабының 4-бөлігі 2-тармағымен кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды.