RBK Bank ісі бойынша ісі бойынша сотталғандардың жер телімдері мен көліктері мемлекетке қайтарылды

0
491

Өткен жылы қабылданған шаралардың нәтижесінде қаражатты тәркілеу, жер телімдерін, жылжымайтын мүліктер мен көліктерді қайтару арқылы мемлекетке 9,2 миллиард теңгеден астам шығын өтелген.


RBK Bank ісі бойынша ісі бойынша сотталғандардың жер телімдері мен көліктері мемлекетке қайтарылды

ERNUR.KZ. RBK Bank ісі бойынша сотталғандардан тәркіленген жер телімдері мен көліктер мемлекетке қайтарылды, деп жазады tengrinews.kz.

Ведомство мәліметінше, өткен жылы қабылданған шаралардың нәтижесінде қаражатты тәркілеу, жер телімдерін, жылжымайтын мүліктер мен көліктерді қайтару арқылы мемлекетке 9,2 миллиард теңгеден астам шығын өтелген. Биыл 1,5 миллиард теңге жиналған. Прокурорлар мүлікті иеліктен шығару туралы келісімшарттарды жарамсыз деп тану туралы 36 талап арыз беріп, оның 25-і қанағаттандырылған.

Мемлекетке қайтарылған негізгі мүліктің бірі Алматыдағы "Горный Гигант" ықшамауданындағы жер телімдері мен "RBK Bank"" АҚ жымқыру ісі бойынша сотталғандардың көліктерінің тәркіленуі.

Бас прокурордың наразылығымен Жоғарғы сот Алматы апелляциялық сотының бұл мүлікті тәркілеуден босату туралы шешімінің күшін жойды.