«Референдум-2026» онлайн-марафоны басталды

0
92

Шара жаңа Конституция жобасын түсіндіруге арналған.


«Референдум-2026» онлайн-марафоны басталды

Фото: «Референдум-2026» Telegram-арнасы

ERNUR.KZ. Астанада «Референдум-2026» онлайн-марафоны басталды. Шара – жаңа Конституция жобасын түсіндіруге арналған ақпараттық алаң, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Марафон 6 сағатқа созылады. Шара аясында 100-ге жуық сарапшы, заңгер, қоғам белсендісі мен мемлекет қайраткерлері сөз сөйлейді.

Сондай-ақ республикалық телеарналар мен интернет-порталдардың YouTube және Facebook желісіндегі платформалары арқылы тікелей трансляцияланады.

«Референдум–2026» онлайн-марафонында бірінші болып «Жаңа Конституция: өзгерістердің мәні» тақырыбы бойынша талқылау басталды.

ҚР Парламенті Мəжілісінің депутаты, Конституциялық комиссия мүшесі Айдос Сарым жаңа Конституция жобасындағы өзгерістердің мəнін түсіндірді. Оның пікірінше, Қазақстан жаңа бір дәуірге аяқ басты. Бұл кезеңде егемендіктің қайнар көзі – халық.

Ал ҚР Конституциялық соты төрағасының орынбасары, Конституциялық комиссия мүшесі Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституциялық жобаның маңызын түсіндірді.

«Преамбулада алғаш рет Қазақстанның мыңдаған жылдық тарихи сабақтастығы аталып өтті. Жалпы, кез келген Преамбула ұлттың мінезі мен рухын айқындайтын негіз ретінде қабылданады. Бұл норма Қазақстанның жас мемлекет емес, тарихы тереңде жатқан ел екенін көрсетеді», – деді ол.