Тамызда Токио-Цюрих бағытындағы ұшақ жолаушы инсульт алғаннан кейін Астанаға шұғыл қонды.
ERNUR.KZ. Ұшақта инсульт алған жапондық ер адамның жағдайы туралы айтылды, деп жазады tengritravel.kz.
"Инсульттан кейін Астананың №2 қалалық көпбейінді ауруханасында ем қабылдаған Жапониядан келген науқас бүгін шығарылды. Оның жағдайы орташа ауыр дәрежеде деп бағаланады", - делінген хабарламада.
Еске салайық, тамызда Токио-Цюрих бағытындағы ұшақ жолаушы инсульт алғаннан кейін Астанаға шұғыл қонды. Науқас ауыр жағдайда реанимацияға жатқызылған болатын.