Рейс 15 сағатқа кешіктіріліп, осы уақыт ішінде жолаушыларға қонақүй де, тамақ пен ана мен балаға арналған бөлме де, әуежайдан қалаға дейін көлік те берілмеген.
«Эйр Астана» тағы да әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп жазады Ulysmedia.kz.
Ақтау әуежайындағы оқиғадан кейін әуе компаниясына айыппұл салынғаны хабарланды.
Рейс 15 сағатқа кешіктіріліп, осы уақыт ішінде жолаушыларға қонақүй де, тамақ пен ана мен балаға арналған бөлме де, әуежайдан қалаға дейін көлік те берілмеген.
Жолаушылар Маңғыстау облыстық көлік прокуратурасына өтініш жазған. Қадағалау органының актісі бойынша «Эйр Астана» әуе компаниясы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 1 846 000 теңге айыппұл салынды.
Еске сала кетсек, бұған дейін «Эйр Астана» Орал қаласының 12 жасар тұрғыны Зерені Астана әуежайында қалдырған оқиға бойынша сот отырысы аяқталып, қыздың отбасының пайдасына шешім шығарылды. Сот Air Astana әуе компаниясын Зеренің анасына моральдық шығын ретінде 5 миллион теңге өтемақы төлеуге міндеттеді.