Ресей Қазақстанның сыртқы сауда серіктестері арасында жетекші орын алады.
Фото: Үкімет
ERNUR.KZ. Үкімет басшысы Олжас Бектенов Ресей Федерациясының Премьер-министрі Михаил Мишустинмен кездесуінде Қазақстанның транзиттік әлеуетін сөз етті, деп жазады inform.kz.
- Ресей Қазақстанның сыртқы сауда серіктестері арасында жетекші орын алады. Өзара тауар айналымы 2,6 трлн рубльден немесе 13,7 трлн теңгеден асты.
Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия үлкен жұмыс атқаруда. Қазақстанда өнеркәсіп, энергетика, көлік-логистикалық инфрақұрылым саласындағы стратегиялық жобалар табысты іске асып келеді, - деді Михаил Мишустин.
Ресей үкіметінің басшысы екі елдің аумағы арқылы Еуразияның аса маңызды транзиттік маршруттары өтетінін еске салды.
- Біз Солтүстік-Оңтүстік халықаралық дәлізінің дамуына үлкен көңіл бөлеміз. Болашақта ол бүкіл еуразиялық өңір мемлекеттерінің мүддесі үшін жаһандық көлік артериясына айналатынына сенімдімін. Қазақстан Еуразиядағы тоғыз жолдың торабына айналады, - деді ол.