Ресейде баласын сатып жіберген қазақстандық әйел ұсталды

0
2 522

Ол нәрестені 13 мың долларға саудалаған.


Ресейде баласын сатып жіберген қазақстандық әйел ұсталды

иллюстрациялық фото

ERNUR.KZ. Ресейде бала саудасымен айналысып келген қазақстандық әйел ұсталды. Ол нәрестелерді 13 мың долларға саудалап келген, деп жазады Stan.kz.

Тергеу мәліметтеріне сәйкес, келіншек Камбожада жүкті болып, Красноярск қаласына босануға келіпті. Қалада оған пәтер жалдап, медициналық қызметтерінің ақысын төлеп берген.

"2020 жылы әйел ұл босанып, туу туралы куәлік алған соң алаяқтарға нотаруис арқылы сенімхат жасап берген. Яғни, қазақстандық әйел өз баласын басқа біреулерге ресми түрде табыс еткен. Сосын Қазақстанға келіп, 13 мың доллар иемденген", - деді Ресейдің тергеу комитетінің өкілдері.

Қазақстандық әйелден бөлек іске қатысты тағы үш адам тергелуде. Бала саудасымен айналысқандарға құқық қорғау органдарының қызметкері жәрдемдесіп келген. 33 жастағы ер азамат бірнеше әйелдерді іздеп тауып, олармен келісімге келген. Әйелдер өз кезегінде бала көтеріп, оларды сатуға келіскен. Нәрестелер көбіне шетел азаматтарына сатылыпты. Осылайша тоғыз сәби сатылымға түскен. Қазір олардың барлығы нәрестелер үйіне орналастырған. Қазір тергеу жалғасуда.