Қайғылы оқиғадан барлығы 52 кенші көз жұмған.
ERNUR.KZ. Ресейде қаза тапқан 40 кеншінің денесі "Листвяжная" шахтасынан шығарылмаған. Бұл туралы РФ Федералды мемлекеттік басқармасы әскери тау-кен құтқару бөлімінің бас директоры Николай Медведев айтты, деп жазады inbusiness.kz.
"Бүгінде "Листвяжная" шахтасынан 40 адамның денесі шығарылған жоқ", - деді Николай Медведев.
РФ Төтенше жағдай министрі міндетін уақытша атқарушы Александр Чуприяном бұл ақпаратты растады. Николай Медведевтің айтуынша, осы уақытқа дейін құтқарушылар 41 шақырымға созылған шахтаның 36 шақырымын тексерген. Енді мамандар 5 шақырымды тексеруді жоспарлар отыр.
Еске салайық, 25 қарашада Кемеров облысы "Листвяжная" шахтасында төтенше жағдай болып, 51 кенші қаза тапты, оның бесеуі тау-кен құтқарушысы. 11 адамның денесі шахтадан шығарылған, тағы 18 адамның денесі табылған жоқ. Шахтада метан газының жиналып қалу салдарынан құтқарушылар кеншілердің денесін шығара алмай жатыр.