Ресейде қазақстандықтар мінген көлік аударылды: Зардап шеккендердің арасында жасөспірім қыз бар

0
116

Changan X5 Plus автокөлігін басқарған 47 жастағы Қазақстан азаматы рөлге ие бола алмай қалған.


Ресейде қазақстандықтар мінген көлік аударылды: Зардап шеккендердің арасында жасөспірім қыз бар

Фото: Алтай Республикасының Ішкі істер министрлігі

ERNUR.KZ. Алтай Республикасы аумағында болған жол-көлік оқиғасы салдарынан Қазақстанның төрт азаматы зардап шекті. Олардың арасында 15 жастағы жасөспірім бар, деп жазады stan.kz.

Алтай Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, жол апаты 7 шілде күні таңғы сағат 08:00 шамасында Онгудай ауданы аумағындағы Белый Бом ауылы маңында болған.

“Changan X5 Plus автокөлігін басқарған 47 жастағы Қазақстан азаматы рөлге ие бола алмай қалған. Соның салдарынан көлік жолдан шығып кетіп, жол жиегіндегі жыраға аударылған”, – деп хабарлады ведомство.

Жол апаты салдарынан түрлі дәрежедегі жарақат алған жүргізуші мен көліктегі үш жолаушы, оның ішінде 15 жастағы қыз Онгудай аудандық ауруханасына жеткізілді. Зардап шеккендердің барлығы – Қазақстан азаматтары.

жол апаты Ресей (1)
Фото: Алтай Республикасының Ішкі істер министрлігі