Ресейде Томирис Байсафаны өлтіру ісі бойынша үкім шықты

0
448

Томирис Байсафаны өлтірді деген күдікпен Дағыстанның бұрынғы премьер-министрінің ұлы Муртузали Меджидов ақталып шықты.


Ресейде Томирис Байсафаны өлтіру ісі бойынша үкім шықты

ERNUR.KZ. 7 маусымда Ресей астанасында алқабилер соты Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының студенті, қазақстандық Томирис Байсафаны өлтіру ісінде үкім шығарды, деп жазады Tengrinews.kz.

Істің бас фигуранты - Дағыстанның бұрынғы премьер-министрінің ұлы Муртузали Меджидов ақталып шықты.

"Меджидов 105-баптың 1-бөлігі бойынша алқабилердің үкіміне сәйкес ақталды. Ертең сағат 9:30-да үкім жарияланады", - деп хабарлады Никулин аудандық сотының баспасөз қызметі.

"Кінәсіз, сот залында бостандыққа шықты (...) Құрметті достар, оны (Муртузали Меджидовті айтып отыр) кінәсіз деп тапты. Не айтарымды да білмеймін...", - деп жазды марқұмның анасы Жанна Ахметова.

Еске салайық, 2018 жылдың 13 сәуірінде ММХҚИ Халықаралық экономикалық қатынастар кафедрасының төртінші курс студенті Томирис Байсафа жұмбақ жағдайда ЖОО-ның төртінші қабатының терезесінен құлап кеткен. Ауыр жарақат алып, көп қан жоғалтқан. Сол жылдың 3 мамырында Томирис Склифосовский ғылыми-зерттеу институтында қайтыс болды.

Томирис Байсафаны өлтірді деген күдікпен Дағыстанның бұрынғы премьер-министрінің ұлы Муртузали Меджидов ұсталған еді.